Анықтама:Мазмұны
www.inust.kzdan
Сайтта үш жоба бар:
1. "Шығыстың жеті жұлдызы" - бұл жастарға патриоттық тәрбие беруге арналған жоба.
2. "Информатик ұстаздар" - информатик ұстаздардың интернеттегі ерікті бірлестігін құра отырып, олардың өзара көмегін ұйымдастыруға және жас ұстаздарға қолдау/көмек көрсетуге арналған жоба.
3. "Әртүрлі" - автордың хоббилары мен сайтқа кездейсоқ кіргендерге, туыстарына/достарына арналған.
Бұл сайт информатик ұстаздар көмегімен құрылады. Әркім жаңа махала енгізіп, өз үлесін қосады.
Мақала қосу үшін тіркелуді ұсынысмыз. Сайтқа тіркелу үшін: : mykat2005@mail.ru хабарласыңыз!
А Н Ы Қ Т А М А
Құрметті ИНФОРМАТИК ҰСТАЗ! Қазақстанның әр түкпіріндегі ұстаздар "Информатиктердің интернеттегі ерікті методикалық бірлестігін" құрған едік. Мақсаты: Информатик ұстаздардың Педагогикалық мұраттарының деректер қорын құру. Өз-ара моралдық қолдау, "Құрмет тақтасы" т.б. жолдармен информатик ұстаздардың шығармашылық ізденістерін ынталандыру, Информатикадан қазақша сабақтардың қорын құру, жас ұстаздарға көмек және өзара қолдау жасау. Оның белсенді мүшелерінің жұмыстарын көріп отырсыздар. ИИЕБ мүшелері бір-бірінің сұрақтарына білгенінше жауап беруге, файл-құжаттар, жоспарлар, информатикадан аттестациялық тестілер, конкурсқа қатысқандар тәжірибесін, ақыл-кеңесін т.б тегін беруге, алуға, алмасуға, бөлісуге ерікті түрде міндеттеме алады.
Информатик ұстаздардың интернеттегі еркін бірлестігінің мүшесі Қазақстандық білім беру порталдарындағы сайттарды, онлайн және инетрактивті сабақтарды пайдалану тәжірибелерін бөліседі. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу бойынша сабақ немесе үйірме жоспарларын жарялайды және басқалардың сондай жұмыстарын тегін пайдаланады.
Арамызда модератор Баскарушы қызметін атқаратын информатик-ұстаздар көмегімен интераткивті сабақтар өткізіп, үйренеміз және басқаларды үйретеміз. Оқытудың интерактивті формалары мен әдістерін меңгеру бойынша жаттығулар жасаймыз. Ұстаздарға керегі бар барлық материалдар мүшелер үшін тегін. Сонымен қатар автордың өзі салған мақалаларды (сабақтарды...) еркін көшіре беруге болады. Бұдан былайғы жерде Мүше еместер еркін көшіре алмайды. Себебі, басқа ұстаздарға, әсіресе жастарға көмек болсын деп, осы сайтқа жұмыстарын салып жатқан ұстаздардың еңбегі моралдық тұрғыдан бағалану үшін осылай еттім.
ИИЕБ мүшесі болу үшін алдымен осы сайтты желідегі компьютерлердегі Интернет Броузерге (Internet Explorer) басқы бет етіп қойыңыз. Содан соң осы сайтқа кем дегенде 3 жұмыс (информатикадан сабақ жоспары, презентация, флипчарт, сынып сағаты, тәрбие жұмысы, педагогика тақырыптарының кез-келгені бойынша жалпы саны үшеу) салуыңыз керек. Жұмысты жоғарыда көрсетілген е-майлға жібересіз. Жіберген жұмысыңыз сапалы, басқалардың қажетіне жарайтын болса сайтқа шығады. Жұмысыңыз сайтқа шыққан кезден бастап сіз мүше болып саналасыз сайт материалдарын еркін қолданасыз.
Сайттың бірінші бетіне жұмысыңыз жарияланған соң экранды көшіру (Print Scrn)пернесін басып, буферге көшіріп алып, Word редакторына түсіріп сақтап қойыңыз. Сосын оны әдістемелік папакаңызға салып қойсаңыз аттестациялық бағалау кезінде жарияланған материал ретінде пайдасы тиеді.
Сайтқа жіберген жұмыстың басқы жағына автор туралы мәлімет жазыңыздар (аты-жөні, облысы, қала/аудан/ауыл, мектеп аты). Бірден үш жұмыс жіберсеңіз суретіңізбен шығады.
Сайтқа шыққан жұмысыңыздың сілтемелері Сабақ 2010 бетіне орналасады. Ал, басқы бетте бірнеше күн көрініп тұрады.
Былтырғы және одан арғы жылдардағы сабақтарды Сабақ 2009 бетінен көшіруге болады.
Кеңес: Жіберетін презентацияларыңыздағы суреттерді ПиктуреМенеджер программасымен өлшемін ең үлкен дегенде 800х600-ге келтріріп /изменить размер немесе обрезка/, сығып /сжать, сонда jpg форматына ауысады/ қойыңыз презентацияға. Сонда көлемі азайады.
Осы сайт ішінен жеке Web-бет ашқысы келетіндер маған хабарлассын [mykat2005@nur.kz]. Web-бет ашуды, оған мақала салуды үйретем. Ондай беттің "Ең үздік сандық білім беру ресурсы атты қашықтық конкурсы" (т.бю) сияқты конкурстарға қатыстыруға болады.
Мысалы: Web-бет Жанна
Жеке Web-бетке мақаланы қалай салуға болады?

