Ұлы бабам Әлмерек Абыз


www.inust.kzdan

Мынаған өтіп кету: бағыттау, іздеу

Бұл бетті Ұлы бабам Әлмерек Абызға арнадым.

Әлмерек Ұрпактары · · · · · · · · · · Әлмерек Ұрпактары Жәлел ақын · · · · · · · · · · Әлмерек Ұрпактары Ұзақ батыр

Қазақ халқына адал қызмет етекен батырлары мен шешендері, билері мен көсемдері, хандары мен сұлтандары, ақындары әлі де толық зерттеліп хатқа түсірліген жоқ. Сондай ақындардың бірі Жамбылға батасын берген құлан аяқ Құлмамбет болса, аталмай жүрген батырлардың бірі атақты Райымбек батырдың рухани және әскери ұстазы Әлмерек батыр.

Әлмерек батыр туралы жазба деректер ешкімнің колында жоқ деуге болмас. Ол кісінің тікелей ұрпақтарынын бірі 1953 жылы Шығыс Түркістанда қайтыс болған марқұм бабам Керменұлы Тұрысбек деген кісі. Ол кісі жастайынан білім қуып, кітап құмар болып өседі. Үлкейе келе имамдық құрып, бала оқытады. Көптеген шәкірт тәрбиелеген. Ол кісінің Баубек ата -деген бір шәкірті Алматыдағы Әлмерек Абыз кесенесінде шырақшы болып отыр. Тұрысбек атам дүниеден өткенше елге сыйлы болып кеткен екен.

Қытайдағы аты шулы мәдени төнкеріс кезінде, ескіліктің қалдығы ретінде имамдар мен олардың қолындағы кітаптарды жоя бастайды. Атамыздың ескіден келе жатақан көптеген кітаптары болыпты. Ол кісі көзі тірісінде заманның ауанын байқап, балаларына осы кітаптарды киізге орап көмдіреді. "Мен қайтыс болғанда, осы кітаптардың қасына жерлеңдер" деп өсиет айтады.

Міне, осы кітаптардың арасында қадірлі бабамыз Әмерек абыз туралы деректер, немесе бабамыздың өз туындылары да болуы мүмкін деп ойлаймын. Бабамыздың ұрпақатарының ішінде атақты батырлар, билер, шешендер мен әулиелер шыққан. Кейінгі ұрпақатарында да атақты азаматтар бар. Атақты Сұраншы батыр Әлмеректің немересі болып келеді.

Кейінгілерден Ұзақ батыр "Албан көтірілісін" Ұйымдастырып, ақ патшаға қарсы соғысқан көзсіз ерелердің бірі.. М.Ауезовтын «қилы заманында» оның басынан өткен оқиға шындықпен сәйкес айтылған. Ұзақ батырдың қызының қызы, яғни, жиені Күміс әжеміз Тұрысбек атамның үлкен баласы Сейділ (ел ішінде қара молда аталып кеткен) атамның кемпірі 1998 жылы Жамбыл облысының Шу ауданындаңы Белбасар ауылында 103 жасқа келіп, көз алдымызда қайтыс болды.

Әлмерек бабамыздың біздің заманымыздаңы атақты ұрпағы Бердібек Соқпақбаев. Кеңес үкіметінің тар заманын мойындай алмай, кең дүниеге сыймай кеткендердің бірі. Қазіргі кезде бабамыздың тәуіпшілік-емшілік өнерін бойына сінірген ұрпақтары Ермек Мырзагелді деген азаматтың басқаруымен "Әлмерек Абыз тегін емдеу орталығы" деген мекеме арқылы халыққа тегін кызмет көрсетіп, елдің алғысына бөленіп жүр.

Әлмерек Абыздың ұрпактары Албан ішіндегі құрман руы. Құрмандар Албанның ішінде ең көп тараңан ру болып табылады. Сатистикалық есеп бойынша құрмандар саны казіргі күні 300 мыңнан асып түседі. Құрмандардың тағы бір ерекшелігі 12 атадан асып кетсе де әлі күнге бір-бірімен қыз алыспайды. Мысалы мен Әлмеректін 13-ші ұрпағы болам. Әлмерек Бабанын өсиеті бойынша мен Бердібек Соқпақбаевтың аулымен қыз алыспайтын туыс болып табылам. Бұл жолды біз әлі күнге дейін ұстанамыз.

Бұлай болу себебі түсінде Әлмерек Абызға Домалақ ананың бата беруінен деген аңыз бар. Әлмерек Абыздың қасиеттері де сол Домалақ анадан ауысқан дейді аңызда.

Бүкіл қазақ тарихы аңыздардан басталып жаткан жоқ па? Олай болса, арнайы зерттеген адам болса бұл аңыздан да бір дерек табылар еді.Әлмерек ұрпақтары бабамызды жазба тарихқа қайтару үшін қолынан келгендерін істеп жатыр деп ойлаймын. Осы сайтты ашу менін қолымнан келгені болып отыр.

Ел аузындаңы аңыздар бойынша Райымбек 7-12 жасар бала кезінде Әлмеректен оқып жүргенде бабамыз 82 жаста екен дейді. Райымбек батырдың туған жылы тарихта белгілі 1705 жыл. Он 12-ге толңанда 1717 жыл болады. Сонда Әлмерек Абыздың туған жылы 1717-82=1635 жыл болады екен. Аңызда ол кісінің ұзақ жасағаны айтылады. Сонымен абыз ұрпақтарына Әлмерек Абыздың туған жылы 1635 жыл деп келісуді ұсынам. Сонда биыл бабамыздың туылғанына 370 жыл толып отыр екен. Әрине қолы ұзын ағайындар арнаулы ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізуге демеушілік етіп көмектеседі деп сенем.


Әлмерек Абыздың жетім баланы асырап алуы

Әлмерек Абыз үлкен жиынға кетіп бара жатып, жолда қозы бағып жүрген, арып-ашыған жеті-сегіз жасар бір балаға кезігіпті. Сол жерге ат шалдырып отырып, баланы шақырып алады да, -Балам қай баласың- деп жөн сұрайды. -Мен мына Көрімбайдың малшысымын. Олар мені керуеннен сатып алыпты. Ата-анам жаугершілікте қаза болған. Көрімбай маған жазда қой баққызады. Ақысына тамағымды да жөндеп бермейді. Тіпті қой сауып ішсем, біліп қойса сабап тастайды- деп мұңын шағады бала. Әлмерек Абыз жер қайысқан малы бар Көрімбайдың шықбермес екенін білуші еді. Ел оны қаламақ тектес деп жақтырмайтын. Оның үстіне ата-анасы жау қолынан қаза болған балаға мейірімі түседі. Осы жолы да жоңғарға қарсы көтерлістің жай-жапсарын талқылауға бара жатыр еді. -Балам шешінші денеңді көрейін -деді. Бала шешінген соң арқасындағы қалын көріп, көңіліне түйіп алады. Кетерінде баланы әбден тойғызып алып былай депті: -Балам ата-анаң да табылар, жауға да шабарсың, кегіңді де аларсың -деп батасын беріп жүріп кетіпті. Алқалы жиында жоңғарға қарсы соғыс ашу мәселесі шешілген соң, Әлмерек Абыз билер мен сұлтандарды, байларды жиып алып:

-Уа, халайық мен осыдан 4 жыл бұрын баламды жоғалттым. Жау шапқанда жұртта қалыпты. Соның дерегін білетіндер бар ма? Баламның арқысында, оң жақ жаурынында қалы бар. Көрсем таныр едім. Осыны ескере жүріңіздер деп хабар салыпты.

Көп ұзамай Әлмерек Абызға сүйінші сұраған хабар келеді. Бірақ Көрімбай баланы бергісі келмеген соң, билер сотына береді. Сол жерде баланы шешіндіріп, қалын көрген соң билір бір ауыздан Әлмеректің пайдасына үкім шығарады. Ата-анасы соғыста қаза болған баланың еңбегін жеген Көрімбайға айып салып, бүкіл жылқысын соғыс мақсатына алып сарбаздарға таратып беріпті. Ол баланы Атамыз Найза деп атапты. Өз баласындай етіп тәрбиелеп, үйлендіріп, еншісін беріп шығарады. (Қошпанов Әбдрақман ақсақалдың әңгімесінен)

Сол баладан (Найза атамыздан) Әлмерек Абыз бес немере көреді. Бесеуі де найзагер батыр болып шағады. Жайшылықта найзаларын шаңырақтан шығарып қояды екен. Үйлері қатар отырғанда, алыстан келе жатқан алдамға алдымен көзге бес найза көрінеді екен. Сол себепті осы бес баланың ұрпақтары Құрманның ішіндегі "Бес найза" аталып кетеді. Бұл әңгіме атақты жазушы Бердібек Соқпақбаевтың "Өлгендер қайтып келмейді" деген кітабында айтылған.


Өтейбойдақтын өсиетi жөнiнде не бiлесiз?

Әйгiлi әз-Жәнiбек хан Өтейбойдақты шақырып: «Менiң елiмнiң денi сау, ғұмыры ұзақ болуы үшiн не iстеу керек?» деген сауал тастапты. Сондағы Өтейбойдақтың жауабы мынау екен: - Тақсыр, ең алдымен қол берiп амандасуды тыйыңыз, екiншiден, беттен сүйiп амандасуды тыйыңыз, үшiншiден, жетi атаға толмай қыз алысқанды тыйыңыз, бар бәле мiне, осы үшеуiнен тарайды.

Бар ғұмырын сырқаттарды емдеу мен оның алдын алуға арнаған Өтейбойдақтың ертеректе араб қарпiмен Қытайда басылған кiтабын ұстап отырып, белгiлi этнограф ғалым Жағда Бабалықов ғұлама емшiнiң XVII ғасырда айтқан жоғарыдағы сөзiн әлi ескермей келе жатқанымызға қынжылады. Жағда ағамыздың пiкiрiнше, Өтейбойдақ бұл өсиетiн тегiннен-тегiн айтпаған. Бар бәленiң қол алысудан жұғатыны рас. Тiптi қол алысып амандасқан адамның сiзге дейiн неше адамның қолын ұстағанын бiлмесеңiз де сiз оның қолын алуға мәжбүрсiз. Бұл не? Әдептiлiк пе? Әрине, көпшiлiк үшiн бiреудiң ұсынған қолын алмай қою әдепсiздiкке, көргенсiздiкке баланатыны ақиқат. Бiрақ Ж. Бабалықов керiсiнше, қол алысуды XXI ғасырда өмiр сүрiп жатқан бiлiмдi, сауатты, тәрбиелi жұрттың бiлместiгi деп есептеп отыр. Сонда «қол берiп, амандасу дәстүрiнiң тозығы жеткенi ме, ендiгi жерде ол бiзге керек емес пе?» дейтiн орынды сауал тастады. Бұған ғалым тегiнде қол берiп амандасудың бiздiң халқымызда болмағанын, оның Ислам дiнiмен iлесе келгенiн, оған батыстың беттен сүйiп амандасатын әдетi қосылғанын, бiз оны жатсынбай бойымызға сiңiрiп алғанымызды айтады. Ендеше бабаларымыздың амандасу үрдiсi қалай едi? Ж. Бабалықовтың айт?сынша, амандасудың қазақша үлгiсi - Армысыз! Бұған қайтарылатын жауап - Ар бол, балам! Әрине, сәлемдесу адамның жасына қарай өзгерiп отырады. Ал «армысыз!» деген сөздiң арғы жағында амансыз ба, есенсiз бе, жақсымысыз деген тәрiздi мағыналардың жатқанын түсiндiрiп жату артық. Ал «ар бол!» сөзi өзiне сәлем берген жасы кiшi адамға жауап ретiнде қолданылғанымен, оған жақсы бол, аман бол, бар бол сынды тiлектер де iлесе жүретiнiн аңдау қиын емес. Сiз қалай түсiнiп, қалай қабылдарыңызды қайдам, қазақтың салт-дәстүрiн зерттеп-зерделеумен, жинастырып-топтастырумен ұзақ жылдардан берi шұғылданып келе жатқан ғалым осылай ойлайды. Ол кiсiнiң түсiндiруiнше, қол берiп амандасу соншалықты маңызға ие емес. Сондықтан бұған медициналық тұрғыдан жете мән берiп, жұртшылыққа түсiндiру жұмыстарын жүргiзетiн, газет-жүрналдарда мұны мәселе етiп көтерiп, көптiң талқысына салатын кез жеткен. Әзiрге Қазақстанда қол берiп амандаспайтын бiр адам бар. Ол әрине, Жағда Бабалықовтың өзi. Сенбесеңiз, қол берiп көрiңiз...

Авторы: Бетті әзірлеген: Атилла САНСЫЗБАЙҰЛЫ.


Күмбезді жасатқан Серік Сұлтанғалиев (Беснайза) мырзаға және құрлысын жүргізген, басқа да қол ұшын берген азаматтарға АЛЛАның нұры жаусын! Алматы қаласының шығыс жағындағы Әлмерек Абыз күмбезінде шырақшысы болған Кеірмбеков Сүйінбай (1998-2000 жж), Баукен ата (2000-2006), Тәнекеев Мұрат (2006-2009) және Керімбеков Нұрсәбит Сүйінбайұлы (қазіргі) деген азаматтарға Абыз ұрпақтары атынан алғысымызды айтамыз!

Әлмерек атындағы тарихи-мәдени мұражайдың атқарушы директоры: Рауан Арипов (Елемес-құрман). орынбасары: Мамыров Нұрғали, Байбарақов Ешімбет (Баба)


Ермек Мырзагелді мырзаның жетекшілігіндегі Әлмерек Абыз атындағы Тегін емдеу орталықтары қазіргі күні Қазақстанның барлың аймақтарынан ашылып жатыр. Алматы қаласында тегін емдеу орталығын мына адрес бойынша табасыз: Сайран автобекетінен төмен қарай Өтеген батыр №52 (бұрынғы Матезалке көшесі-52)


Ермек Мырзагелдінің интервьюінен

Мырзагелдиев Ермек 1957 жылы Алматы облысы, Кеген ауданы, Шырғанақ ауылында дүниеге келдім. 1974 жылы Ыдырыс Көшкінов атындағы орта мектепті бітіріп 1974-1979 жылы Қазақ Мемлекеттік Университетін бітірдім, екінші Алматы халық шаруашылығы институтын 1986 жылы бітірдім. Екі жоғары білімім бар. 1979 жылдан 1983 жылдарда Кеген ауданының Кеген мал бордақылау бірлестігінде экономист, Кеген ет-сүт совхозында экономист, Кеген ауыл шаруашылық бөлімінде бас экономист болып қызмет істедім. 1984-1997 жылдарда Еңбекшіқазақ ауданында салық бөлімінде инспектор, Алматы облыстық салық комитетінде, Қаржы министрлігінде бас маман болып жұмыс істедім.

1997 жылдан Қазақстан халық емшілер ассоциациясының вице-президенті болып жұмыс істеймін. 2004 жылдан К3-1/8 куәлігі бойынша Халықаралық дәстүрлі халық медицинасы, психологтар және емшілер ассоциациясының Қазақстан Республикасы бойынша вице-президенті болып тағайындалдым. 2005 жылдан 0015 куәлігі бойынша “Всемирное объединение земной цивилизации, знахарей, целителей, эниоинженеров” қауымдастығына вице-президенті болып тағайындалдым. Халық емшілігінде сіңірген еңбегім үшін “Жұлдызды магистр” орденімен және Халықаралық жәрежедегі ұстаздық еңбегі үшін орденімен марапатталдым. 2005 жылы Москва қаласында Дүниежүзілік “Элита” съезіне делегат болып қатыстым.

1. Қазақстанның құрметті Халық емшісі атағы берілді.
2. Шығыс халықтар медицинасының магистрі атағы беріліп, оның алтын медалі берілді.
3. Гиппократ атындағы күміс медалімен,
4. Алтын “пирамида” медалімен,
5. Ресей мұсылмандар қоғамының алтын медалімен,
6. ІІІ мыңжылдықтың үздік емші атағы мен алтын медалімен марапатталдым.
7. Ресей халқының Халық емшісі атағын алдым.
8. Қазақстан емшілер қауымдастығының құрметті мүшесі және оның алтын медалімен марапатталдым.
9. Ресей Халық емшілігін дамытудағы еңбегі үшін І- дәрежелі алтын медалімен марапатталдым.
10. Дүниежүзілік ең үздік магистр атағы беріліп, алтын белгісімен марапатталдым.
11. Франциядағы Халықаралық М.Нострадамус атындағы академияның толық мүшесі және академик атағы беріліп, алтын белгісімен марапатталдым.

Жәнібек шежіресі кітабынан авторы:
Әбілқасым Нұрмұқанбетов
Сайтқа жіберген Алматылық Назым /жиен қыз/


Әлмеректің әйгілі гауһар тасы

...Жақаң бір күні алтын іздеушілер туралы айтып, таңғажайып гауһар тас оқиғасын баяндады.

Бір таудың шатқалында жұдырықтай гауһар тастың жатқанын біліп, оны алу үшін алтыншылар сол маңда іске кіріседі. Себебі адам аяғы бара алмайтын құз-шыңдағы “сұңқар ұясы” сияқты қиял-қылтада жатқан “Гауһар тас” өлермен қызығушыларды ақылынан адастырады. Алтыншылардың арманы өлседе гауһарға жетіп, қайтсе де оны алу болған. Жолсыз жерге сүрлеу салып, орман-ну ағашты қырқып, ағыны қатты тау өзенінен өтіп, бір күні алтыншылар түнде жарқырап сәуле шашатын гауһар тас жатқан межелі жерге де жақындайды. Күндіз сәулесі көрінбей түнде ғана шамдай жанып айналасына жарық шашатын “қасиетті тылсым” гауһар тасқа жақындап қалғанын алтыншылар сезеді. Ең соңғы күні қай тұста жатқанын айқындап, енді онда жақындаған түні гауһар тас та ғайып болып жоғалады.

Аһ, ұрған алтыншылар өң бе, түс пе пайымдай алмай дал болып амалсыз төменге түседі. Алтыншылар болған оқиға тусралы ұлты дүнген бір молдаға айтады. Молдекең жас кезінде алтын іздеу кәсібімен шұғылданса керек.

“Сендер іздеген гауһар тас бұл тауда ежелден бар. Оны алу мүмкін емес, өйткені оны перілер күзетеді. Сендердің көздеріңді байлап, перілер оны басқа жаққа көшіріп әкетті. Жалғыз сендер емес бұл “гауһар тасты” талай алтыншылар келіп ала алмай кеткен”- дейді.

Кейіннен таудағы жұдырықтай “алтын гауһарды” денелерінен қан шығарып, Құдайға құрбандық шалып, тіпті біреулері мерт болып, ежелден алтын іздеген топ жанкештілікпен алып, оны басқа жаққа әкетеді.

-Гауһар жатқан терең құз-шатқалдың іші қап-қараңғы болып, кейде адамның үрейін алатын. Сондықтан суда жатқан гауһарды алу түгілі армандаудың өзі ақылға сыймайтын еді”, - деп Маралбай аға әңгіме бастайтын. Жер-суларында алтын былай тұрсын гауһар тас бар Хантәңірі тау сілемдері таңғажайып өңір, алтын қазыналы өлке ғой.

Шығыс Түркістандағы атақты байлардың бірі патша дәрежесіне жақындаған, салтанатты сарай иесінің алтынмен аптап күміспен күптеген бөлмелерінің бірінде түнде шамның орнында гауһар тас сәуле шашып тұратын, оны терезеден байқайтынбыз, - дейтін абыз ақсақал.

Сәулелі тастың бір ерекше түрі Әлмерек Абызда да болған екен. Әлмеректің бір туар ұрпағы Құрман – Ұзақ батырдың әулетінде тәбәрік, атадан қалған мұра ретінде сақталады.

Гауһар тас үшін кезінде қалмақтармен талай қырғын соғыс болады. Оны бірде Әлмерек, бірде қалмақ ханы иеленеді. Соңынан Саурық батыр өлтірген қалмақ ханының ұрпақтарынан Ұзақ батыр тартып алады.

Жалғасқан “қанды кек” сияқты гауһар тас оқиғасы Шығыс Түркістанда өткен ғасырдың қырқыншы жылдарына дейін созылады. Ұзақ батыр әулетінде “гауһар тас” бар деген қауесет бойынша Қытай ұлықтары Кеңес Үкіметінен басып барған Әлмерек ұрпақтарының соңына түседі. Бірақ қанша сұрап, тінтіп, керек болған жағдайда күштесе де ата аруғына табынатын баба ұрпақтары мұрадан айырылмайды.

Елуінші жылдары бұрынғы босқындардың елге қайтуы басталғанда Ұзақ батыр ұрпақтары да Ата жұртқа бет түзейді. Шекрадан өтеді. Қандай амалмен алып өткені әлі күнге құпия – Қаріпбек атты азамат гауһар тасты ата жұрттағы Әлмерек ұрпақтарына жеткізеді. Гауһар тас Әлмеректің тікелей ұрпағы бір баласына “Әлмерек” деп ат қойған ұстаз-оқытушы Тәліп Мұсақұловтың қолына тиеді. Гауһарды ұстап көрген Тәліптің бауыры Бақыт еген баба ұрпағы еді. “Үлкендігі тауықтың жұмыртқасындай аспан түсті гауһар тас айналасына сәуле шашып тұратын”,- деп баласы Жанатқа талай рет айтып есіне салады. Әлмерек атадан қалған тәбәрік -деп немере туыстарына да айтқан.

Қонаев әруағына тағызым еткен Әлмерек әулиенің қасиеті жайлы әңгіме таусылмайды. Одан қалған Гауһар тасқа қатысты “тылсым тәмсіл” осындай. Айналасына жарық шашатын гауһар тас асқан байлар мен ұлы патшаларда ғана болған. Абыз алтын аса таяғын, жарық шашқан гауһар тасын ұстап ордада “алдымен Құдай қолда, тәңіріп жарылқа” деп сөз бастап өсиет айтады екен. “Ошақтың үш аяғындай үш жүз бірге болса, Қазақты жау ала алмайды” деген өсиет Әлмерек әулиеден қалған. “Бақ-дәулет бірлікте, атқарылған тірлікте” деген тәмсіл иесі де осы жарықтық екен.

Әулиенің ұрпақтарына қалдырған гауһар тастан басқа тағы екі киелі заты бар. Оның бірі ұстаған – Құраны, бірі өзінің “қара ошағы”. Ұрпақтарының жер ауып көшуіне байланысты Әлмеректің “қара ошағы” қазір Райымбек ауданындағы бір әулетте сақтаулы тұр.

Әулие әлмеректің басына Димекең бала кезінде 1921 жылы келген. Ұлымен бірге жол жүріп бара жатқан Меңліахмет қария жолай әулие басына соғып құран оқиды. Әкесінің кесене басында әулие жайында айтқаны Димекеңнің есінде мықтап қалса керек. Өйткені әулие жатқан қазіргі Покровка (Іле ауданы) кентінің күншығыс жағы ежелден “Әлмерек қорым-сайы” деп аталады. Жалпы әуежайдан бастап қазіргі “Әлмерек тоғанына” дейінгі кең алқап, бұрынғы Гагарин ауылы түгелдей “Әлмерек” аталған. Сондықтан әулие жатқан жер деп ертеде осы жазықтықта тасаттық берген.

-О, баста Әлмеректің өзінде болған, кейіннен ұлы Құрманның ұрпақтары арқылы Ұзақ батырдың әулетінде сақталған “гауһар тастың” әлемді шарлап, соңында әулие ұрпағының біріне жалғасып, Тәліп атаның қолына тиуі – қайран қаларлық оқиға. Әулие рухына байланысты бір оқиға осындай.

Ораз Қауғабай, жазушы.

[[[Әлмерек Ұрпактары]

[Әлмерек Ұрпактары Жәлел ақын]

[Әлмерек Ұрпактары Ұзақ батыр]

Жеке құралдар

     TABU